Русский Сайттың толық нұсқасы

«Самұрық-Қазына» АҚ тобының трансформациялау бағдарламасы бойынша жылдық жиналысы

  • AstanaTV
  • 08 желтоқсан 2015
  • 1440

«Самұрық-Қазына» 2016 жылы трансформациялау бағдарламасы аясында жаңа басқару моделіне көшеді. Бұл  жөнінде қор басшысы Өмірзақ Шөкеев бағдарламаның жылдық қорытындысына арналған конгресс барысында мәлімдеді.

Аталған жиында бағдарламаның алғашқы нәтижелері зерделеніп, келер жылғы міндеттер айқындалды. Бұдан былай қор белсенді инвестор ретінде шықпақ. Яғни коммерциялық бөлігі айтарлықтай күшейтіледі. Қызметкерлердің 60%-ы жаңа салаларды жандандырып, қазіргі стратегиялық активтер қоржынын басқарумен айналысады. Сондай-ақ, белгілі болғандай, жаңа басқару үлгісіне сай қор 16 топ-менеджер позициясын 9-ға дейін қысқартпақ.  Ертеңнен бастап қордың барлық деңгейдегі қызметкерлеріне де белгілі талаптар қойылады. Оларға сай келмеген мамандар жұмыстарымен қош айтысуы мүмкін.

Өмірзақ Шөкеев, «Самрұқ-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы:

Трансформациялау дүниежүзілік тәжірибеге байланысты 4 кезеңнен тұрады. Біріншіден, қандай өзгерістер болуы тиіс қазіргі уақытта, соны анықтау. Былайша айтқанда, диагностика дейді оны. Екіншісі, келешекте осы компанияның негізгі бизнес моделін анықтау. Бұл дизайн деп аталады. Үшінші кезең - ол жоспарлау, осы өзгерістерді қалай жүзеге асыруы жөнінде. Төртінші, іске қосу. 

Жиынға қатысқан отандық және халықаралық сарапшылар да, трансформациялау бағдарламасының, әсіресе дүниежүзіндегі экономикалық дағдарыс кезінде оң тұстары көп, дейді. Өйткені жаңа бастама жылына 380 миллиард теңгені үнемдеуге мүмкіндік береді. 

Ерлан Қарин, Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры:

Әрине, қиындықтар болды, ең бірінші, меніңше, ең үлкен қиындықтардың бірі - бұл басында трансформация бағдарламасының мазмұны мен мақсаттарын біреу түсінсе, екіншісі түсінбей, қолдамаған сияқты. Себебі жағдай ол кезде өзгешелеу еді. Бағдарлама дағдарысқа дейінгі кезеңде қабылданып, дайындалған болатын. Бірақ бір жыл ішінде жағдай өзгерді - елдегі жағдай да, әлемдегі жағдай да.  

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА