Русский Сайттың толық нұсқасы

Актер Меңтай Өтепбергенов дүниеден озды

  • AstanaTV
  • 06 қаңтар 2016
  • 4122

Қазақ киносы тағы бір тарланынан айырылды. Танымал актер Меңтай Өтепбергенов ұзаққа созылған науқасынан айыға алмай, 70-ке қараған шағында дүние салды.

Ол - Семей өңірінің тумасы. Өнерге алғашқы қадамы 1968 жылы Алматы эстрада-цирк училищесіне түскеннен басталған. Одан соң тәлімін Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтының актерлік бөлімінде жалғастырды. Шыңдалған актер «Ақ шаман», «Мадам Вонгтың құпиясы», «Рэкетир» және «Шанхай» сынды фильмдеріндегі рөлдері арқылы көрермен есінде қалды. Замандастары дарынның бойында тек актерлік өнер ғана емес, импровизаторлық қасиет басым болғанын айтады. «Сонысымен де ол түскен кинотуындылар қазақ өнерінің төрінен орын алды және коллекционер ретінде танылған талант иесінің жинақтаған тың дүниелері талай кино образдарын ашуға септігін тигізді»,- дейді әріптестері.

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, актер Меңтай Өтепбергеновпен қоштасу рәсімі ертең сағат таңертең 10.00 - де Жамбыл атындағы мемлекеттік филармонияда өтеді.

Сатыбалды Нарымбетов, режиссер: 

Кейбір актерлерді эпизодтағы сұрап қаласың, ол осы киноға түсіп пе еді деп. Меңтай түскен фильм жарқ ете қалады. Демек оның позитивтік элементтері бар характерінде. 

Айгүл ЕРМАХАН