Жаздың соңғы айы да салқынмен басталады. "Қазгидрометтің" болжамы бойынша, тамыздың басында 3 күн бойы еліміздің басым аймақтарында жауын-шашын болады деп күтіліп отыр. Ауа температурасы әдеттегіден 3-6 градусқа төмендейді.
Күн райы оңтүстік және оңтүстік-батыс аймақтарда ғана оңынан туады. Бұл өңірлерде ауа-райы жауын-шашынсыз және температура қалыпты жағдайда тұрақты болмақ.
Нұргүл Хәкімова, «Қазгидромет» РМК инженері:
Қазақстанның ауа-райына бұрынғысынша солтүстік желмен ілесіп келген арктикалық ауа әсер етуде. Осылайша жақын арадағы үш күнде де республика аумақтарының барлығы дерлік, онымен өткінші жаңбыр жауу, найзағай жарқылдау, жел қарқынының 15-25 м/с соғуы және температурасы әдеттегіден 3…6º төмен болуы байланысты, атмосфералық қысымы төмен аяда болады.
Азамат АЛДОҢҒАРОВ