Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы эбола безгегімен күреске 100 миллион доллар бөлетін болды. Батыс Африкада өршіген індеттен ажал құшқандар саны бүгінде 700 адамнан асты. Тағы 1000-ға жуық тұрғын аталған сырқатты жұқтырып үлгерген.
Жағдайдың ушығуына Эбола вирусына қарсы вакцинаның жоқтығы да себеп болып отыр. Бұл індетке шалдыққандардың шамамен 90%-ы өлім құшады. Қайғылы жағдайлар негізінен Гвинеяда, Либерия мен Сьерра-Леонда тіркелді.
Ал Африкадан тыс елдер арасында алғашқы болып дерттің құрығына ілінген - Қытай. Гонконгте эбола індетіне ұқсас белгілер байқалған бір науқас ауруханаға жатқызылды.
Базаргүл ОТЫНШИЕВА