IOSA сертификатын енгізу ісіне Кәсіпкерлер палатасы да араласпақ. Тура бір аптадан соң барлық тараптардың басы қосылған жиын өткізілмек. Бұл туралы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының ресми сайтында жарияланды. Онда: «IATA әуе көлігі халықаралық қауымдастығының, яғни қоғамдық ұйымның ұсынысын қабылдау міндет емес. Ал бұл талап енгізілген жағдайда, сертификат Қазақстан аумағында таратылатыны туралы құжат болуы тиіс»,- делінген.