Парламент Сенаты сайлауына қатысушы 79 үміткердің 4-і қазіргі сенаторлар. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Владимир Фоос мәлімдеді. Оның айтуынша, 14 адам мәслихаттар тарапынан ұсынылса, 65-і өзін-өзі ұсыну құқығын пайдаланған.
"Қазіргі таңда ұсынылған кандидаттар Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамасының талаптарына сәйкестігі тексерілуде", - деді Владимир Фоос.
Владимир Фоос, ҚР орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары:
79 кандидаттың төртеуі - Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының соңғы шақырылымдағы депутаттары. Кандидаттардың орташа жасы 53 жасты құрайды. Ең жас кандидат 37-де, ал ең үлкені 66 жаста.
Жұрағат БАМАН