Қазақстан ғаламдық бәсекеге қабілеттілік рейтингінде 50-орынға жайғасты. Бұл дерек Дүниежүзілік экономикалық форум есебінде жарияланды. Рейтинг инфрақұрылым, макроэкономика, денсаулық сақтау, инновация сынды салаларды қамтыған 12 көрсеткіш негізінде жасалды. Қазақстан осымен екінші рет 144 елдің ішінен 50-орын алып отыр. Мемлекеттердің бәсекеге бейімділігі жан-жақты зерттелді. Сондай-ақ, әлемнің 144 елінен 14 мыңға жуық басшыларынан алынған сауалнама нәтижелері де пайдаланылған.
Сарапшылардың айтуынша, Қазақстандағы ең түйткілді мәселелер жемқорлық пен қаржыландыруға қолжетімділік.
Айта өтейік, Ресей 53-і орынға жайғасып, Қазақстаннан қалып қойды. Ал, ғаламдық бәсекеге қабілеттілік рейтінгінде 1-орын Швейцарияға бұйырды.
Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ