Кеден одағына мүше мемлекеттер басшылары Украина президентімен кездесуге дайын. Кездесу осы айда өтуі мүмкін. "Бұл деректі бүгін Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин растады", - деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Телефон арқылы тілдескен Қазақстан және Ресей Федерациясы басшылары Батыс елдерінің Ресейге қатысты санкциялары және көрші елдің жауапты әрекеттері туралы сөйлескен.
"Екі ел лидерлері Украинаның оңтүстік-шығысындағы жағдай бойынша да пікір алмасты. Және Беларусь президенті Александр Лукашенконың ұсынысы бойынша, тамыздың үшінші онкүндігінде Кеден одағына мүше елдер басшылары Украина билігімен кездесуі ықтимал екендігі құпталды", - делінген ресми хабарламада.
Тоғжан АМАНАЛИЕВА