Русский Сайттың толық нұсқасы

А.Құсайынов: Мұнай бағасының өзгеруін сақтандыру - тиімсіз қадам

  • AstanaTV
  • 07 қаңтар 2016
  • 1802

Мұнай бағасы 34 АҚШ валютасына түсті. Бұл - 2004 жылдан бері ең төменгі көрсеткіш. Ірі экспортер елдер бағаның  құлдырауына байланысты түрлі инструменттер қолданып жатыр. Соның бірі - тәуекелдерді сақтандыру. Алайда экономист Айдархан Құсайынов ол тиімсіз деп есептейді.

Былтыр ірі мұнай өндіруші Мексика құбылмалы бағаны сақтандыру арқылы 6,3 млрд доллар өтемақы алған. Бір баррель 76 доллардан 27 долларға бірақ құлағанда, сақтандыру компаниялары осыншама айырманы санап берген. Ал отандық сарапшылар: «Нарықта мұнай бағасын болжау қиын. Сақтандыру пакетін сатып алудың өзі қыруар ақша тұрады. Шамамен 800 млн АҚШ валютасы. Ұзақмерзімді перспективада тіпті ұтылу ғажап емес»,- дейді. Тап сол Мексика 2012 жылы қара алтын баррелі 85 доллар болады деп есептеген. Ал баға 111-ге бір-ақ жеткен. Сөйтіп сақтандыру компанияларынан бір тиын да алмаған.

Айдархан Құсайынов, экономист:

Ұзақмерзімді перспективада мұндай сақтандыру тиімсіздеу. Оған ден қойып шұғылдану бәлендей қажет емес сияқты. Бұл нарықты болжау өте қиын. Тәуекелдерді азайту үшін түрлі инструменттер бар. Бірақ оларды пайдлану үшін де қыруар ақша керек. Егер тәуекелді жағдайлар болмаса, ақша құр кетеді.

Айта кетейік, 2016 жылы Қазақстан бюджеті мұнай баррелі 40 шартты бірлік есебімен бекітілген. Үкімет шикізаттың бұдан бетер құлдырауына байланысты негативті сценарий құрылып жатқанын айтқан. Бірақ, ашық таныстырылған жоқ.

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ