Атырау облысының әкімі Президент Нұрсұлтан Назарбаевты өңірде өтетін "Қазақстан-Ресей ХІ өңіраралық ынтымақтастық форумына" дайындық барысымен таныстырды.
Ақордада өткен ресми қабылдау кезінде Бақтықожа Ізмұхамбетов Елбасына облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы мен өңірдегі маңызды мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуы туралы да баяндады. Кездесу қорытындысы бойынша Нұрсұлтан Назарбаев Бақытқожа Ізмұхаметовке нақты тапсырмалар берді.
Айгүл ӘДЕПБАЙ