Жыл басынан бері 10 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жан жұмыспен қамтылды. Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпова олардың 9 мыңнан астамы тұрақты жұмыс істейтінін мәлімдеді.
Сондай-ақ, «Жұмыспен қамту жол картасы-2020», "Өңірлерді дамыту" бағдарламалары аясында да тағы 6 мыңнан астам мүгедек азамат жұмысқа орналастырылған. "Оларды жұмыс орнына дейін қатынайтын "Инватакси" қызметіне жыл сайын 90 миллион теңге бөлінеді",- деді вице-министр. Айта өтейік, ел аумағында мүмкіндігі шектеулі жандарды 110 инватакси тасымалдайды.
Светлана Жақыпова, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі:
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша инватакси қызметін дамытуға 90 млн теңге бөлінеді. Бұл сомма өңірлерге қызмет түрінің қажеттілігіне қарай беріледі.
Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА