Шығыс қазақстандықтар Эбола вирусына қарсы тұруға үйренуде

  • AstanaTV
  • 04 қыркүйек 2014
  • 988

Шығыс қазақстандықтар Эбола вирусына қарсы тұруға үйренуде. Мұндай қадамға баруға жақында ғана Павлодар тұрғынынан «белгісіз безгектің дамуы» байқалғаны түрткі болыпты.

"Африкада таралған вирус ешқандай шекара мен қашықтықты білмейді", - дейді медицина қызметкерлері. Сондықтан ақ халаттылар кез келген жағдайға дайын болу керек деп есептейді. Өскемендегі әуежайлар мен вокзалдар арнайы құралдармен жабдықталды. Дәрігерлер келіп-кетіп жатқан азаматтардың температурасын өлшеп, жөтел, бас ауруы, әлсіздік, жоғары температура байқалғандарын қадағалауда. Сондай-ақ, кедендік бекеттерде де санитарлық қадағалау күшейтілді. 

Хамит Елубаев, аса қауіпті карантин инфекцияларын эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы:

ШҚО-да дәрігерлермен және тұрғындармен санитарлық ағарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Біздің облысымызда 2 әуежай бар, Семейде және Өскеменде. Әуежайдағы мамандар келіп жатқан туристердің бәрін тексеріп жүр.

Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ