Бүгін теңге бұрын-соңды болмаған көрсеткішке түсті. КASE қор биржасындағы таңертеңгі саудада бір АҚШ ақшасының бағамы 351,85 теңгені құрады. Осылайша, айырбас пункттерінде шетелдік валюта 352-355 теңгеден саудаланып жатыр. Бұған дейін теңге 349 теңгеге дейін ғана құлдыраған болатын. Айырбас пункттерінде дүрбелең жоқ, ақша тапшылығы да байқалмайды.
Еске салайық, жақында Ұлттық банк 1 ақпаннан бастап АҚШ ақшасының сатып алу-сату айырмасы 6 теңге, еуро 7 теңге аралығында болатынын мәлімдеген.