Уэльсте Солтүстік атлантикалық шарт ұйымына мүше елдердің саммиті басталды

  • AstanaTV
  • 04 қыркүйек 2014
  • 1112

Уэльсте Солтүстік атлантикалық шарт ұйымына мүше елдердің саммиті басталды. Украинадағы дағдарыс және Ресеймен қатынас - басты тақырыптардың бірі болмақ. Саммитке Украина президенті Петр Порошенко да келді. Ол басқосу басталар алдындағы өз еліндегі ахуал туралы баяндаған.

Әйтсе де, НАТО мүшелерін бұл жиында тек Украина мәселесімен шектелмейді. Ұйым мүшелерін Ирактағы ахуал ерекше алаңдатып отыр. Ирак джихадистерінің жаз бойындағы шабуылы және жуырда екі америкалық журналистің басын шауып тастауы саммит күн тәртібіндегі өзекті тақырып. Ал НАТО контингенті жыл соңында толықтай тастап шыққан соң, Ауғанстанда да ахуал ушыға түсуі ықтимал. Солтүстік атлантикалық альянс Украинадағы ахуалға орай, шығысқа қарай нығаю мәселесін де қарастырғалы отыр. Ұйымның бас хатшысы Шығыс Еуропада НАТО-ның тез қимылдау күштерін шоғырландыру ең тиімді шешім деген пікірін айтқан болатын.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ