Тар кабинетті емес, кең алқапты таңдады. Кезінде кіріс министрі болған Кәкімжанов мырза - қазір жүзім жинап, шарап шығаратын кәсіпкер. Ол он жылдай ешкімге интервью бермеген-ді, біздің арнаның тілшілерімен сұхбаттасып, жүзімдігін, шарап сақтайтын қоймасын көрсетті. Министр портфелін жүзім сабағын қиятын қайшыға айырбастаған Кәкімжанов «портретінде» қандай өзгеріс бар?
Зейнолла Кәкімжанов, кәсіпкер:
Менің 3 ұлым бар. Соларға үнемі айтып жүрем, құнарлы жерден артық мұра жоқ. Одан асқан байлық таба алмайсыңдар. Ал өзгенің барлығы - қолдың кірі. Балаларым жермен айналысса, деп қалаймын.
Эксклюзивті интервьюді ертең - сенбі, 20.30 «Біздің уақыт» бағдарламасынан көріңіздер.
Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА