Қазақстанда жыл сайын қыркүйектің басында мұнайшылардың кәсіби мерекесін атап өтеді. Қазіргі таңда ел экономикасының локомотиві саналатын қара алтын өндірушілердің денсаулығы мен еңбегінің қорғалуы алғашқы орында. Бұл орайда өндіріс басында қызмет етуге кез келген медициналық мекеменің батылы бара бермейді. Ал бұл салада тәжірибесі мол «Медикер» компаниясы өткен жылы «Медикер-Өндірістік медицина» еншілес кәсіпорнын құрып, жұмысты оң жолға қойып үлгерді. Бүгінде мұнай-газ саласында аталмыш мекеменің 800 тарта бөлімшесі қызмет етіп отыр.
Бұл қазақ мұнайының қарашаңырағы - «Ембімұнайгаз» АҚ қарасты Прорва кен орнының ауысымдық қосыны. Атырау қаласынан 500 шақырым қашықтықта орналасқан. Жұмысшылар қалашығында бір ауысымның өзінде 600 адам жұмыс жасайды. Мұнайшылардың алаңсыз қызметіне «Медикер-Өндірістік медицина» компаниясы кепіл болып отыр. Мынау - шағын ота бөлмесі. Алғашқы медициналық көмек пен шұғыл дәрігерлік ем-дом жүргізуге қажетті техникамен жабдықталған.
Әмірәлі Қабылбеков, «Ембімұнайгаз» АҚ далалық жобасының дәрігері:
Мұнайшылардың денсаулығын қарап, жағдайын қарап, ауырмай жұмыс жасасын деп 24 сағат жұмыс жасаймыз. Күн демейміз, түн демейміз. Жедел жәрдем машинамыз бар. Вызовпен барып тұрамыз. Дәрігерлік амбулаторияның ішінде бәрі бар, өмірге не керек бәрі. Ол үшін барлық аппаратымыз бар.
Медикерліктердің қызметіне мұнайшылардың көңілі тоқ. Олар дәрігерлердің біліктілігіне талай мәрте көз жеткізген.
Қайрат Жиенәлиев, мұнай-газ операторы:
"Медикердің" дәрігеріне көңілім толады. Өз көзіммен көрдім. Дәрігердің жұмыстасымды өлім аузынан алып қалғанын. Укол, системасын салып алып қалды, құлап қалған кезде.
Расында Әмірәлі Қабылбеков соңғы екі жылдың өзінде қызметте жүріп өміріне қауіп төнген онға тарта адамға араша түсті. Олардың барлығы қазір осы салада алаңсыз қызмет атқарып жүр. Кәсіби мамандар науқастарды емдеп қана қоймай, жұмысшылардың бос уақытында алғашқы медициналық көмек көрсету дәрістерін де үйретеді.
Нұрболат Кенжеғалиев, мұнай-газ операторы:
Күндіз-түн демейсің ашық. Жақсылықтарын көрсетіп жатады. Көңіліміз толады "Медикерге". Жұмысшыларды жинап сабақ өткізеді. Экстренный жағдай болып қалған кезде, қасында өздері болмай қалғанда, көмектесуді үйретеді.
«Медикер-Өндірістік медицинасы» «ЕмбіМұнайГаз» АҚ-ның 24 ошағында қызмет көрсетеді, оның 4-уінде дәрігерлік амбулатория, қалғандары фельдшерлік бөлімшелер. Бұдан бөлек 800-ге тарта ірілі-ұсақты өндірістік дәрігерлік бөлімшелер бар. Онда қызмет ететін мыңға тарта маман өз отбасынан жырақта еңбектеніп жүрген мұнайшылардың денсаулығына ден қойып отыр.
Базаргүл ІЗІМОВА