Русский Сайттың толық нұсқасы

Пекиндегі ең биік ғимаратқа 700 адам өрмелеп кетті

  • AstanaTV
  • 08 қыркүйек 2014
  • 1308

Бейжіңдегі ең биік ғимаратқа 700 адам өрмелеп шықпақ. Жалпы, нысан өзінің еңкейген баспалдақтарымен танымал. Барлық спортшылар баспалдақтарға бір мезетте сыймайтын болғандықтан, олар кезең-кезеңге бөлініп жарысқа кірісті. Тіпті, ерлер мен әйелдер құрамасы деп жеке-жеке топқа бөлінді.

Алғашқылардың қатарында жеңіске 29 жастағы Петр Лободинский жетті. Ол 82-ші қабатқа 10 минутта жүгіріп шыққан. Споршының қуынышында шек жоқ. Себебі, ол өткен жылы дәл осындай жарысқа қатысып екінші орын еншілеп қалған көрінеді. Ал әйелдер арасындағы жарыста австралиялық Сьюзи Уолшам үздік атанды. Оның рекорды 11 минут 50 секунд.

Айта кетейік, бұл спорт түрі жылдан-жылға дамып келеді. Биылғы жылы «стэйр клаймбинг» жарыстары Гонконг, Шанхай және Сан-Паулу қалаларында өтпек.

Жұрағат БАМАН