Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстандық делегация НАТО Саммитіне қатысты

  • AstanaTV
  • 08 қыркүйек 2014
  • 1137

«Ауғанстандағы тұрақтылық пен экономикалық өсім». Солтүстік Атлантикалық келісім ұйымының кезекті саммитіне қатысқан Қазақстан делегациясының басты ұстанымының бірі осы тақырып болды. Ауғанстан мәселесіне арналған жиында орталық Азиядағы аталмыш елдің дамуына Қазақстанның қосып жатқан үлесі атап өтілді.

Мәселен, еліміз жүргізіп жатқан білім беру бағдарламасы аясында жыл сайын бір мыңдай ауған жастары қазақ университеттерінде білім алып келеді. Мұнымен қоса, НАТО басшылығының сұрауымен Қазақстан 2012 жылдан бастап ауған ұлттық қауіпсіздік күштерін нығайтуға ат салысып отыр.

Айта кетерлігі, НАТО саммиті Ұлыбританияда қыркүйектің 4-5 күндері болып өтті. Қазақ делегациясын сыртқы істер министрінің орынбасары Алексей Волков бастап барды.

Айгүл ӘДЕПБАЙ