Әлемнің үздік футболшыларының бірі - Криштиану Роналду спорттағы мансабын қашан аяқтағысы келетінін айтты. Бұл жөнінде мадридтік «Реалдың» сайтына сілтеме жасай отырып, «Спорт-Экспресс» хабар таратты, - деп жазады «ҚазАқпарат».
«...Өзім шамамен, 35-36 жасқа дейін ойнаймын деп жоспарлаудамын», - дейді Роналду. Сондай-ақ спортшы, «ол жасқа жеткенде, пікірім өзгеруі де мүмкін», - деп қосты. Атақты футболшы өз мансабын қай клубта аяқтайтынын нақты айта алмады. «Білмеймін, бұл әзірге белгісіз», - деді ол.
Еске салайық, Криштиану Роналду - «Алтын доптың» екі дүркін иегері және соққан голдарының саны бойынша Португалия құрамасында рекорд орнатқан азамат.
Базаркүл ОТЫНШИЕВА