Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада «Бір тамшы қан - сақталған өмір» республикалық акциясы басталды

  • AstanaTV
  • 05 ақпан 2016
  • 2139

Елордада «Бір тамшы қан - сақталған өмір» республикалық акциясы бастау алды. Игі басатаманы «Нұр Отан» партиясының қолдауымен Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрілігі қолға алған. Ол  Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орайластырылған. Акцияның  мақсаты - қоғамды өз еркімен тегін қан тапсыруға ынталандыру.

Шараның алғашқы күнінде-ақ 100 адам донор болуға келіскен. Еріктілер қатарында Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев те бар. Жыл сайын орталыққа 45 мыңнан астам астаналық қан тапысарды екен. «Алынған қан қаладағы 23 емханаға үлестіріліп, сұранысты қанағаттандырып отырмыз», - дейді мамандар. 

Шайжамал  Мұсабекова, Республикалық трансфузиология ғылыми-өндiрiстiк орталығы директорының орынбасары:

Қанға деген сұраныс күнделікті. Оның пайдалану мерзімі бар. Сондықтан біз қала тұрғындарын, әсіресе жастарды донор болуға шақырамыз. Ағзадағы қан үнемі жаңарып отыратынын айта кеткен жөн. Және тағы бір айта кететін жайт, бiр рет қан тапсырған азамат бiрнеше рет донор бола алады.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА