Русский Сайттың толық нұсқасы

Криштиану Роналду спорттағы мансабын қашан аяқтағысы келетінін айтты

  • AstanaTV
  • 08 қыркүйек 2014
  • 1080

Әлемнің үздік футболшыларының бірі Криштиану Роналду спорттағы мансабын қашан аяқтағысы келетінін айтты. "Бұл жөнінде  мадридтік «Реалдың» сайтына сілтеме жасай отырып, «Спорт-Экспресс» хабар таратты", - деп жазады "Қазақпарат".

«...өзім шамамен 35-36 жасқа дейін ойнаймын деп жоспарлаудамын», - дейді Роналду. Сондай-ақ спортшы: "Ол жасқа жеткенде, пікірім өзгеруі де мүмкін», -деп қосты. Атақты футболшы өз мансабын қай клубта аяқтайтынын нақты айта алмады. «Білмеймін, бұл әзірге белгісіз», - деді ол.

Еске салайық, Криштиану Роналду «Алтын доптың» екі дүркін иегері және соққан голдарының саны бойынша Португалия құрамасында рекорд орнатқан азамат. 

Базаргүл ОТЫНШИЕВА