Алматы метросының жаңа станциялары уәде етілген уақытта жұмысын бастамайды

  • AstanaTV
  • 09 қыркүйек 2014

Алматы метросының жаңа екі станциясы уәде етілген уақытта жұмыс бастамайтын болды.

Еске салсақ, бұған дейін Алматы әкімі Ахметжан Есімов «Сайран» және «Мәскеу» станцияларының 2014 жылдың 1 желтоқсанында ашылатынын хабарлаған еді. «Алматыметроқұрылыс» АҚ өкілдері жоспардың орындалмайтынын айтып отыр. Тіпті, «Құрылыс жұмыстары биылғы жылдың соңына дейін аяқталып қалар, содан кейін салынған станциялар және тоннельдер қабылданады, тексеріледі», - деді. Сөйтіп, жаңа станциялар 2015 жылы бір-ақ ашылады деп күтілуде.

Жауаптылардың айтуынша, құрылыстың кешеуілдеуіне бұл станциялардың орнындағы тұрғын үйлерді сатып алу және сүрудің көп уақыт алғаны себеп болған. Өйткені, үй қожайындары өз баспаналарын мемлекет ұсынған бағаға сатқысы келмеді.

Илхам ИБРАГИМ