Русский Сайттың толық нұсқасы

Финляндия мен ЕО елдері Ресейге қарсы санкцияға қатысты пікірі

  • AstanaTV
  • 09 қыркүйек 2014
  • 1017

Америка Ресейге қатысты жаңа санкциялар енгізбек. Бұл туралы Ақ үй ұлттық қауіпсіздік қызметінің ресми өкілі хабарлады.

Жаңа шектеулерге Ресейдің Украинаға қарсы жүргізіп отырған әскери әрекеті себеп болған. Санкциялар Ресейдің қаржы, энергетикалық және әскери өндірістік салаларына бағытталып отыр.

Айта кетерлігі, Еуроодақ өз тарапынан дайындап қойған жаңа санкциялар легін енгізуді кейінге шегерді. Бұған бір жағынан Финляндия себеп болды. «Wall Street Journal» Финляндия премьер-министрінің сөзін келтіреді. Александр Стубба «Қазір жаңа санкциялар енгізуге қолайлы жағдай» еместігін айтқан. Ресми Хельсинки Мәскеудің жауап ретінде енгізетін шектеулерінен қаймығып отырғанға ұқсайды.

Айгүл ӘДЕПБАЙ