Русский Сайттың толық нұсқасы

Жекешелендіруден Астана бюджетіне 244 млн түсті

  • AstanaTV
  • 09 қыркүйек 2014
  • 1021

244 млн 700 мың теңге. Жекешелендіру басталғалы бері Астана қалалық бюджетіне осынша қаржы түскен. Жыл басынан бері 11 коммуналдық мекеме бәсекелі ортаға өтті. Бұл туралы primeminister.kz сайты жариялады.

Бекітілген жоспарға сәйкес, Астанада барлығы 38 актив сатылымға шығады. Оның 11-і 2014 жылы, 7-уі 2015 және 20-ы 2016 жылы жекешелендіруге беріледі. Елорда әкімдігі енді жергілікті атқарушы органдардың негізгі қызмет бағытына қатысы жоқ функцияларды атқарудан босайды. Бұған қоса, шағын және орта бизнестің дамуына қосымша серпіліс береді. Әрі мемлекеттік мүлікті сату арқылы бюджетке қосымша табыс түседі. Елбасының 2012 жылғы желтоқсандағы Жолдауында осылай деп бұл науқанның артықшылықтары атап өтілген.

Мөлдір ДҮЙСЕКИНА