Шымкенттік тұрғын күтпеген жерден құдыққа түнеп шықты. Жасы алпысты алқымдаған ер адам, беті ашық жатқан шұқырға абайсызда құлап кеткен. Өздігінен шығуға тырысқанымен, нәтиже болмады.
Тереңдігі үш метрлік құдық ішінен көмек сұраған дауысты сол маңнан өтіп бара жатқан тұрғындар естіп көмекке келеді. Құтқарушылар да жедел жетіп, тереңде жатқан ер адамды бес минутта шығарып алды. Зардап шегуші аяғын қатты ауыртып алғандықтан қозғала алмай қалған. Ашық жатқан шұқырды байқамағанын айтады.
Құтқарушылар жедел-жәрдем қызметін шақыртып, зардап шегушіні ауруханаға алып кетті. Аяғы ауырғаны болмаса оның өзге дене мүшелеріне зақым келмеген, - дейді мамандар.
Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ