Русский Сайттың толық нұсқасы

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы ашылды

  • AstanaTV
  • 09 қыркүйек 2014
  • 4461

Ұлтаралық татулық жайына арналған дәрістер Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде тұрақты түрде оқылатын болады. Бүгін аталмыш білім ордасында Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы ашылды. Осыған орай елімізде өмір сүріп жатқан жүзден астам ұлт пен ұлыстың тату өмірін бейнелейтін флэшмоб ұйымдастырылды. Ұлттар достығын университет жастары бимен бейнеледі.

Ерекше кафедраның салтанатты ашылуына Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері мен университет ректоры қатысты. Білім мекемесінің ұстаздары, халықтар арасындағы ынтымақтастықты жастарға насихаттаудың маңызы ерекше деп отыр. 

Жайнагүл Құсайынова, С.Сейфуллин атындағы ҚАЗАТУ проректоры:

Кафедраның негізгі мақсаты - ұлттар достығының тарихы және де толеранттылық, жастардың бойында отан сүйгіштік, Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру бағытында жұмыс істейтін кафедра болады.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ