Русский Сайттың толық нұсқасы

Астана мен Қызылорданың арасын «Тальго» пойызы байланыстырмақ

  • AstanaTV
  • 10 қыркүйек 2014
  • 1376

Астанадан Қазақстанның тағы екі аймағына «Тальго» жүрдек пойызы қатынайтын болды. Биылғы жылдың соңына дейін Қызылорда мен өскемендік жолаушылар да бұл пойыздың қызметін пайдалана алады. Сондай-ақ, «Алматы-Өскемен» бағытында да «Тальго» пойызы қатынамақ.

Айта өтейік, бұған дейін Астана мен Шымкенттің арасында «Тұлпар-Тальго» пойызы қатынай бастаған болатын. Жалпы, жыл басынан бері ұлттық тасымалдаушы компания 13 млн 600 жолаушыға қызмет көрсеткен. Оның 6 млн-ға жуығы тек жаз айларында пойызға отырғандар. Маусым, шілде және тамыз айларында 298 мың жолаушы «Тальго»-ның қызметін пайдаланған.

Илхам ИБРАГИМ