АҚШ-та ақ ұлпа қар жауды

  • AstanaTV
  • 12 қыркүйек 2014
  • 1647

Қыс келмей жатып ақ ұлпа жауды. Оңтүстік Дакотада соңғы 54 жылда болмаған жағдай - қалыңдығы 20 см-ге жететін қар түсті. Бұдан, әсіресе шаруалар, жапа шегіп отыр. Кәдімгі күзгі жаңбырдың соңы қарға айналып кетті. Ал былтыр тура осы уақытта Дакотада қуаңшылық болған еді. Жалпы, мұнда табиғаттың тосын мінезі жиі кездесетін болған.

Өткен жылдың қазанында күн күрт суытып, қар борандатқан еді. Кей жерлерде оның қалыңдығы 3 метрге жеткен. Салдарынан 100 мың ірі қара қарылып қалған болатын.

Илхам ИБРАГИМ