«Союз ТМА» кемесі Жезқазған маңына қонды

  • AstanaTV
  • 11 қыркүйек 2014
  • 1216

Екі сағат бұрын ғана Қазақстан аумағына «Союз» ғарыш кемесі қонды. Бортында интернационалды экипажы бар капсула Жезқазған қаласынан 147 шақырым қашықтыққа құлаған. Бұл туралы «Интерфакс» хабарлады.

Құтқару тобы «РосКосмос»-тан жіберілген Александр Скворцов, Олег Артемьев және НАСА астронавты Стивен Свонсонды аппараттан аман алып шықты.

Айта өтейік, экипаждың ғарыштағы сапары 170 тәулікке жалғасқан.

Илхам ИБРАГИМ