Қостанайда берешегі бар тұрғындардың дүние-мүлкі тәркіленуде

  • AstanaTV
  • 11 қыркүйек 2014
  • 1010

Тобыл өңірінде бір топ құзырлы мекеме өкілдері бірлесіп, «Борышкерді анықтау» бойынша рейдтік шара ұйымдастырды. Алғаш рет өткізілген ауқымды акцияға әкімшілік полиция мен прокуратура қызметкерлері және сот орындаушылары атсалысты. Олар үш топқа бөлініп, шаһардың солтүстік бөлігіндегі шағын ауданды аралады.

Мақсаты - жылдамдықты шамадан асырғандарға тағайындалған айыппұл, тіпті комуналдық қарызы бар борышкерлерден ақшаны өндіріп алу. Арнайы шара барысында көшедегі көліктер тоқтатылып, борышкерлер тізіміне іліккен азаматтар анықталды.

Құзырлы орындар таратқан ақпаратқа сәйкес, қазіргі таңда облыс бойынша 65 мыңнан астам сот актілері мен қаулылар орындалмай жатыр. Жыл басынан бері тек 27 мың атқару құжаты аяқталып, мемлекет қазынасына 3 миллион теңге өндірілген. Бүгінгі рейдтік шара кезінде кейбір берешегі бар тұрғындардың дүние-мүлкі, тіпті жеңіл көлігі тәркіленіп алынды.

Қанат Нақанов, Қостанай облыстық сот актілерін орындау департаменті бастығының міндетін атқарушы:

Бұл деген үлкен шара, қолданылатын. Машинасын алып қойған жағдайда келесі күні борышкерлер қарыздарын өтеуге тырысады. Кемінде жартысын төлейді немесе толықтай төлейді, немесе уәдесін береді деген сияқты.

Заңғар САНАЙ