Еуроодақ пен АҚШ Украинаның газ көліктік жүйесін басқару мүмкіндігіне қол жеткізді. Мәселе, бүгін күшіне еңген заңға байланысты. Енді елдің газ көліктік жүйесі мен жер асты қоймаларының басқарылуы оның акцияларын сатып алушы шет елдік компаниялардың қолында. Бірақ заң жүзінде олар украиналық болып қала береді.
Сарапшылар өзгеріс тұтынушылардың қалтасын қағуы мүмкін деп отыр. Себебі, тасымалдың құны артады. Киев Қоғамдық қауіпсіздік одағының өкілдері жаңа заңның тек саяси ұтымды жағы бар дейді. Енді бар талаптарды жаңа корпоративті басқарушы қоймақ.
Еске салайық, «Газпром» 16 маусымда Украинаның берешегіне байланысты алдын ала төлем жүйесін еңгізген. Сол кезден бастап газ көліктік жүйе арқылы көгілдір отын тасымалы тек еуропа дәлізімен жүргізіледі. Ал Украинаның «Газпром» алдындағы қарызы 5 миллиард 300 миллион доллар құрайды.
Азамат АЛДОҢҒАРОВ