Русский Сайттың толық нұсқасы

Кәсіпкерлер ауыл шаруашылық саласына инвестиция тарту мәселесін талқылады

  • AstanaTV
  • 11 қыркүйек 2014
  • 1532

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов, кәсіпкерлерді облысқа қаржы құюға шақырды. Қазір өңірдегі ауыл шаруашылығы мен қайта өңдеу саласы, құрылыс пен туризм инвестицияға мұқтаж. Әрі аймақта балабақшалар тапшы. Тасқыннан зардап шеккен Қызылағашты қайта қалпына келтіру жайы да айтылды бұл жұмыстарға 5 млрд тг қаражат керек. Бүлінген суқойма осыған дейін 5 мың гектардан астам егістік алқапты суландырып келген. Баталов батылдық танытқан кәсіпкерлерге көмек көрсететінін де жасырмады.

Амандық Баталов, Алматы облысының әкімі:

Тиісті құжаттарды рәсімдеуде әкімшілік кедергілер жетіп артылады. Бірақ, ұсынысымызды қабыл алғандарға көмектесеміз. Кәсіпкерлердің шығыны барынша аз болу үшін, инфрақұрылымдарды салу ісінде облыс пен республикалық бюджеттен қаражат бөлгіземіз.

Облыс әкімі құнарлы жерлердің жетіспейтінін айтып, шағым түсірген кәсіпкерлердің өтінішін жеткізді. Өңірде түгін тартсаң майы шығатын жер телімдері жеке тұлғалардың меншігінде, әрі пайдаланылмай бос жатыр. Ал, ауыл шаруашылығы министрі 2015-жылдың 1-қаңтарынан бастап, жер салығының бірнеше есеге көбейтілетінін мәлімдеді. Бірақ, бұл өзгеріс шаруа қожалықтарына қатысты емес. Оларға көмек ретінде ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне мүлік және көлік салығы алынып тасталатын болады.

Асылжан Мамытбеков, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:

Енді тиесілі жерін пайдаланбайтындарға қиын болары анық. Олар қазір жер салығы арзан болғандықтан, ойланбастан төлеп жатыр. Бірақ, қымбаттаған салық қалтасына салмақ салғаннан кейін олар өзінің әрекеті қаншалықты дұрыстығын ойлана бастайды. Не жерін пайдаланады немесе жерінен құтылуға тырысады.

Еркін ҚАРИН