Русский Сайттың толық нұсқасы

Билл Гейтстің қайырымдылық қоры Эбола безгегіне қарсы күреске 50 млн доллар бөледі

  • AstanaTV
  • 11 қыркүйек 2014
  • 979

Билл Гейтстің қайырымдылық қоры Эбола безгегіне қарсы күреске 50 млн доллар бөледі. Індеттен Гвинеяда, Либерия мен Сьерра-Леонеде 2097 адамның өмірі қиылды, ауруды тағы 4 мыңдай адам жұқтырған. «Соңғы 7-10 күн ішінде індеттің таралу ауқымы мен қарқынының артып келе жатқаны белгілі болды», - деп хабарлады қордың өкілі Крис Элиас. Қаржы Эбола безгегімен күреске жұмылдырылған ұйымдарға жолданады. Эбола безгегі Батыс Африка аумағында ақпан айынан бері тарала бастады.

Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, індеттен бірнеше мемлекет зардап шекті. Аталған ұйым ауруды жұқтыру деректерінің "геометриялық прогрессия бойынша" көбейіп бара жатқанын мәлімдеді.

Еске сала кетсек, Эбола қанды безгегі - осы инфекцияны жұқтырған адамның қаны немесе іріңі, сондай-ақ ауру адам ұстаған заттар арқылы тікелей таралатын қауіпті індет. Безгекке қарсы тұратын вакцина әлі шығарылған жоқ.

Базаркүл ОТЫНШИЕВА