Русский Сайттың толық нұсқасы

Экс-шенеунік Саят Шаяхметовтің ісі қайта қаралатын болды

  • AstanaTV
  • 11 қыркүйек 2014
  • 1272

Экс-шенеуніктің ісі қайта қаралатын болды. Бұрынғы білім және ғылым вице-министрі Саят Шаяхметовке қатысты қылмыстық іс қосымша тергеуге жіберілді. Бұл туралы Астана қаласы Алматы аудандық нөмірі екінші соты хабарлайды. Мұндай шешім экс-шенеуніктің адвокаты жасаған өтініштен кейін қабылданып отыр.

Еске салайық, өткен жылы Саят Шаяхметовке Өскемен қаласында 700 орындық білім мекемесінің құрылысы кезінде лауазымын асыра пайдаланды, мемлекетке 1 миллиард 100 миллион теңге шығын келтірді деген айып тағылған. Сотталушылар қатарында бұрынғы вице-министрден өзге тағы 3 азамат бар. Айта кетейік, Саят Шаяхметовке қарсы қылмыстық іс өткен жылдың 29 сәуірінде қозғалды. Ал экс- шенеуніктің өзі 2013 жылдың мамыр айынан бері үй қамақта отыр.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ