Русский Сайттың толық нұсқасы

Бөлінуді қалаған Каталония жұрты бүлік шығарды

  • AstanaTV
  • 12 қыркүйек 2014
  • 1238

Каталония астанасы - Барселона қаласында «ұлттық автономия күні» тойланып жатыр. Бұл күні қала көшелеріне 2 миллионға жуық халық жиналды. Каталонияда 9-қараша күні референдум өтеді. Егер халықтың басым бөлігі тәуелсіздікті қолдайтын болса, Испаниядан бөлініп, жеке мемлекет құрады. Ал қазіргі билік бұл референдум заңсыз деп санайды.

Испания премьер-министрі Мариано Рахойдың пайымдауынша, егер Каталония Испаниядан бөлініп шықса, тоқырауға ұшырайды. Қазіргі Испанияның жағдайы қалыпты емес. Мемлекеттің қарызы 2 триллион доллардан асып жығылады. Орталық банктің ақпаратына сәйкес қарызға батқан аймақтар: Каталония, Валенсия және Мадрид қалалары.

Еске салайық, Шотландия да Каталония сынды тәуелсіздікке ұмтылуда. Біріккен Корольдіктен бөлінгісі келетін Шотландия аумағында референдум 18-қыркүйекке белгіленген.

Самат ҚАНАҒАТОВ