Қазақстанға да биыл қыс ерте түсетін сияқты. Қазірдің өзінде кей аймақтарда түнде қатқақ болып, термометр көрсеткіші нөлден төмендеп жатыр. Алдағы тәуліктерде елдің батысында, солтүстігінде және шығысында атмосфералық ағындардың өтуімен ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі, кей жерлерде күн күркіреп, жаңбыр жауады, жел күшейеді.
Республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында және орталығында сынап бағанасы 0-5 градусқа дейін түседі. Оңтүстік Қазақстан, Атырау, Батыс Қазақстан, Павлодарда жылдамдығы секундына 20 метрге жететін жел соғады.
Илхам ИБРАГИМ