Русский Сайттың толық нұсқасы

«Ислам мемлекеті» содырлары Ұлыбритания азаматын өлтірді

  • AstanaTV
  • 15 қыркүйек 2014
  • 1372

Ұлыбритания ханшайымы Елизавета-2 шотландықтарды референдум өткізер алдында ойлануға шақырды. Ол бұл туралы шіркеудегі таңғы мінәжат ету кезінде мәлімдеді. Букингем сарайындағы «Reuters»-тің дерекөзі ханшайымның мәлімдемесін «ол шотлан халқының өз таңдауы дегенге» саяды деп бағалады.

Еске салайық, Шотландияның тәуелсіздігі туралы референдум 18-қыркүйекте өтеді. Тұрғындардың басым бөлігі Біріккен Корольдік құрамынан шығуға дауыс берсе, Шотландия тәуелсіз ел болады. Әлеуметтік сауалнама референдумға бір апта қалғанда Ұлыбритания құрамынан шығуды қолдайтындан гөрі оған қарсылар көбейіп кеткенін көрсетті.

Дауыс беру нәтижесіне қарамастан, Елизавета 2-ші Шотландия ханшайымы болып қала бермек. Аймақ тұрғындарының көбі оның мемлекет басшысы болғанын қалайды.

Мөлдір ДҮЙСЕКИНА