Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодарда «Нұр Отан» партиясының қолдауымен «Психологиялық көмек» республикалық ата-аналар конференциясы болды

  • AstanaTV
  • 15 қыркүйек 2014
  • 1725

«Нұр Отан» партиясының қолдауымен Павлодарда «Психологиялық көмек» республикалық ата-аналар конференциясы болды. Шара саяси ұйымның «Бақытты отбасы» жобасы аясында жүзеге асып отыр. Келелі жиынға 1-ші сынып оқушыларының ата-аналары түгелдей шақырылды.

Ата-аналар психолог мамандар мен тәжірибелі педогогтардың ақыл-кеңесін тыңдады. Әсіресе, балалармен жұмыс жүргізуде неге көңіл бөліп, неден тартыну қажеттігі әңгіменің өзегіне айналды. Шыны керек, қазіргі уақытта ата-ана мен бала арасындағы қатынас күрделеніп барады. Бүгінгі буынның қызығушылығы да өзгерген.

Сондықтан, бұл жерде арнайы мамандардың көмегі ауадай қажет. Мәселені ескерген елдің Бас партиясы өз Доктринасында отбасылық институтқа ерекше мән берді. "Отбасы - әр мемлекеттің тірегі. Оның мықты болуы - елдің қуаттылығының өлшемі. Демек, бұл іске салғырттық танытуға болмайды", - дейді партиялықтар. Оның үстіне отбасындағы тәрбие арқылы ұлттық рух, салт-дәстүр мен құндылықтар да қалыптасады.

Самал Айтқазина, Павлодар қалалық №25 мектептің директоры:

Енді ғана аттап жатқан 1-ші сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық тұрғыда көмек көрсетуде алғашқы екі аптада өте орынды деп есептеймін. Әрине, әртүрлі жағдай болады. Психологиялық дайындығы бар балалар да, ата-аналар да болады. Болмайтын жағдайлар болады. Сол болмай жатқан жақтарын оңтайлы жолдарын тауып, орнына келтіру мақсатында осындай шара жүргізіліп жатыр.

Шырын Айыпбаева, ата-ана:

Бүгін осы конференцияда біз, 1-ші сынып ата-аналары өзімізге көптеген мәліметтерді алдық. Өте көп-көп рақмет.

Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ