Ақтөбе облысында мұнайшылар астан уланды. Жаңажол ауылында вахтада жүрген бірнеше жұмысшы ауруханаға түсті. Бұл туралы облыстық тұтынушылар құқықтарын қорғау департаментінде мәлімдеді.
Мекеменің мәліметі бойынша, жедел ішек инфекциясы 24 адамда анықталған. Жүргізілген сауалнама барысында зардап шеккендердің барлығы қоғамдық тамақтану орнынан ас ішкендерін айтқан. Оқиға орнында қазір санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандары жұмыс істеуде. Тиісті сынамалар алынып, асхана жұмысшылары ағзасында жедел ішек аурулары қоздырғыштарының бар-жоқтығы тексерілуде. Қазіргі таңда облыстық және Мұғалжар ауданындағы аурухана керуеттеріне 17 адам жатқызылыпты.
Мұхтар Сербаев, Ақтөбе облыстық Тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті басшысының орынбасары:
Соңғы рет осы «СНПС Ақтөбемұнайгаз» акционерлік қоғамына қарасты асхана 2013 жылдың желтоқсан айында тексерілген болатын. Тексеріс қорытындысы бойынша ешқандай санитарлық бұзушылық анықталмаған.
Мансұр ЕСҚОЖИН