Русский Сайттың толық нұсқасы

«Эйр Франс» қызметкерлері компания тарихында бұрын-соңды болмаған ереуілге шықты

  • AstanaTV
  • 16 қыркүйек 2014
  • 1614

«Эйр Франс» әуе компаниясының қызметкерлері ереуілге шықты. Тасымалдаушы ұшқыштарының 60 пайызы 22 қыркүйекке дейін жұмысқа шығудан бас тартуда. Ал бұл өз кезегінде рейстердің тең жартысы шегерілмек дегенді білдіреді. Акцияның себебі - ұшқыштар әуе компнаияның даму жоспарымен келіспей отыр.

«Эйр Франс»-тың бас директоры Фредерик Гажейдің айтуынша, ереуілдің әр күні компанияға 10-15 миллион еуро шығын әкелмек көрінеді. Ал компанияның бәсекелестері бұндай жағдайға разы. Қолайсыздықтарды тек жолаушылар ғана бастан кешіруде. Осы ретте әуе тасымалдаушылар жұртқа өз рейстерін алдын ала белгілеп алуларына кеңес беруде.

Бүгінде «Эйр Франс» 70 мыңға жуық адамға орын алған жағдайға байланысты смс-хат жолдаған. Онда билетті қайтарып ақшасын кері алу немесе, басқа кезде қолдануға болатындығы туралы ақпар жазылған.

Жұрағат БАМАН