Русский Сайттың толық нұсқасы

Парижде 20 елдің басшылары ИГИЛға қарсы күрес шараларын талқылады

  • AstanaTV
  • 16 қыркүйек 2014
  • 1446

Парижде 20 ел өкілдері Исламдық мемлекетке қарсы іс-қимылдар стратегиясын талқылап, Вашингтон бастаған антитеррористік коалицияның қатарын толықтыру мәселелері қаралды.

Еске салайық, АҚШ президенті Барак Обама өз стратегиясында оны қырыққа жуық ел қолдайды деп үміттенуде. Исламдық мемлекетке қарсы коалицияның құрамы бүгінде әскери қимылдар жасаушы, қару-жарақпен қамтамасыз етуші, барлау ісімен айналысушы елдерді іріктеумен айналысуда. Коалицияның соңғы құрамы Барак Обаманың төрағалығымен 25 қыркүйекте өтетін Біріккен Ұлттар Ұйымының қауіпсіздік кеңесіне жақын белгілі болмақ. Оның қортындысы бойынша одақтас елдер әскери іс-қимылдарға мандат алуға үмітті.

Айта кетейік, Вашингтон Сириядағы және Ирактағы Ислам мемлекеті содырлары орналасқан аумаққа әуе соққыларын ұйымдастырды.

Жұрағат БАМАН