Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылордада ойын алаңында салынып жатқан коттедж тұрғындардың мазасын қаштырды

  • AstanaTV
  • 17 қыркүйек 2014
  • 1273

Қызылорда қаласындағы Әйтеке би көшесінде орналасқан 19-үй тұрғындарынан маза қашты. 8-пәтерлі үйдің тұрғындары, ауладағы жеке баспана иесі заңсыз жерімізді басып алды дейді.

Даудың басы осыдан 2 ай бұрын басталыпты. Шағын ғана 2 қабатты көне үй 1939-жылы салынған. 1990-жылдары пәтерлер иелері баспаналарын жекешеліндірген. Аула шетінде орналасқан күзетшілер үйшігі сол кезде жеке тұлғаға тұрғын үй ретінде беріледі. 9 жылдан соң мұнда кондоминиум пайда болып, ауладағы жеке отбасы оның қарамағына ілікпейді. Өкпелі отбасы биыл жазда ауладан 45 шаршы метр жерді иемденіп, үлкен үй тұрғызған. Ауладағы жердің талан-таражға салынғанына ашынған тұрғындар құзырлы орындарға шағымданыпты. Енді олар қалалық жер қатынастары бөлімінен жауап күтіп отыр.

Кеңесбай Қожантаев, Қызылорда қаласының тұрғыны:

Кезінде ескерттік: сіздерге болмайды, бүл жер кондоминиум жері, бүл арада үй болмайды, потому что артық жер жоқ деп айттық. Оны тындамай сала берді. Біздің түсінбейтініміз: қалай кондоминиум жерін жер қатынастары бүл кісілерге берген?

Алла Вакуленко, Қызылорда қаласының тұрғыны:

2013-жылы мына қонақ үй иесі келіп: бұл біздің жеріміз, актіміз қолымызда деп алып қойды. Оларға сонда кім берді ол қағазды? Бізде өз актілеріміз бар ғой.

Ал, жер қатынастары бөлімі басшысы - Мырзахмет Дүйсебаев мәселенің ақ-қарасын анықтауға уәде берді. Ол бұл қызметке жуырда келгенін айтты.

Мырзахмет Дүйсебаев, Қызылорда қалалық жер қатынастары бөлімі басшысы:

Егер ол жерде кондоминиум болса, демек кондоминиум қатысушыларының рұқсатынсыз ешкім үй сала алмайды.

Шәрипа САҚТАПОВА