Еуроодақ Ресейді барлық халықаралық спорттық жарыстарды ұйымдастыру құқығынан айырумен қорқытып отыр. Bild неміс газеті, бұл шаралар Украина мәселесіне байланысты, деп жазады.
Шектеу тізімінде 2018-жылы өтетін футболдан Әлем чемпионаты, хоккейден 2016-жылғы әлем біріншілігі мен 2015-те жүзуден әлемдік форум бар. Сондай-ақ, Ресейді Сочиде өтетін Формула-1 Гран-при кезеңінің ұйымдастыруынан шеттету жоспарда. Санкциялар 23-қыркүйекте бекітілуі мүмкін.
Бұған дейін ФИФА президенті Йозеф Блаттер мундиальға қарсылық білдірудің негізсіз екендігін және Ресей 2018-жылғы Әлем чемпионатының қожайыны болып қала беретіндігі туралы айтқан. Блаттердің көзқарасын УЕФА басшысы - Мишель Платини мен Неміс футбол одағының президенті - Вольфганг Нирсбах қолдап отыр. Ресей чемпионат өткізу құқығын 2010-шы жылы алды. Мундиаль 2018-жылдың маусым айының 8 мен 18 аралығында өтеді деп күтілуде. Ал Гран-при ағымдағы жылдың 12-қазанында Сочидің Олимпиада саябағының тас жолында өтпек. Формула-1 кезеңдерін өткізу туралы келісім-шарт 2020-жылға дейін ұзартылу мүмкіндігімен жасалған.
Азамат АЛДОҢҒАРОВ