Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті.
Басқосуда әлемдегі және өңірдегі геосаяси ахуалдың өзгеруі жағдайындағы Қазақстанның сыртқы саясат тұжырымдамасын іске асыру мәселелері қаралды. Ұлттық қауіпсіздік саласындағы жаңа қауіп-қатерлер мен тәуекелдер талқыланып, олардың алдын алу шаралары пысықталды.
Қауіпсіздік Кеңесі отырысының қорытындысы бойынша тиісті мемлекеттік органдарға бірқатар нақты тапсырмалар берілді. Олардың орындалуын бақылау Қауіпсіздік Кеңесінің хатшылығына жүктелді.
Жұрағат БАМАН