Русский Сайттың толық нұсқасы

Шығыс Қазақстандағы «Тарбағатай Мұнай» компаниясының қызметкерлері жаппай жұмыстан босатылып жатыр

  • AstanaTV
  • 18 қыркүйек 2014
  • 2890

Шығыс Қазақстандағы «Тарбағатай Мұнай» компаниясының қызметкерлері жаппай жұмыстан босатылып жатыр. Ірі мұнай газ компаниясының 200-дей жұмысшысы «жұмыстан босатылу» жайында ескертпе алғандарын айтуда.

Қызметтерінен еріксіз шеттетілгендердің көбі Тарбағатай мен Зайсан аудандарының тұрғындары. Қалғандары Қызылорда, Батыс-Қазақстан облыстарынан. Сондай-ақ, Украинадан келген жұмыскерлер де бар. Айтуларынша, кен орнынан енді ғана мұнай өндіріле басталды. Алайда компанияға 3 ай бұрын келген жаңа менеджерлер түк түсіндірместен білікті мамандарды жұмыстан шығарумен болды.

Қайрат Мәліков, «Тарбағатай Мұнай» ЖШС мұнай және газ басқармасының операторы:

Көбін жұмыстан шығарды. Осы салада 20-30 жыл еңбек еткендеріне қарамады. Тіпті басшылықты да жұмыстан босатып жатыр. Орындарына саладан мүлдем хабары жоқтарды қоюда. Мысалы, аспазды цех басшысы қылды. Ақылға қонымсыз ғой. Енді жұмысты кім істейтінін білмейміз.

«Тарбағатай Мұнай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 10 жыл бұрын іске қосылды. Компания қызметкерлерінің көбі арнайы оқуға барып, келісім бойынша осында 3 жыл жұмыс істеулері керек-тін. Енді даулы іске облыстық прокуратура мамандары мен облыс әкімдігінің арнайы комиссиясы араласты.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА