Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеде құрт ауруының ашық түрінен көз жұмған әйел, балабақшада еңбек етіп келген

  • AstanaTV
  • 18 қыркүйек 2014
  • 2146

Ақтөбеде құрт ауруының ашық түрінен көз жұмған әйел, балабақшада еңбек етіп келгені белгілі болды. Дәрігерлер маусым айында аяқ астынан бақилық болған азаматшаның туберкулез менингитінен қайтыс болғанын анықтады.

Артынша марқұм еңбек еткен нөмірі 25-ші «Ерке» мектепке дейінгі мекемеде жаппай тексеру жүргізілді. Нәтижесінде 4 тәрбиеленушінің екпесі ісіп, ақ халаттылардың қадағалауына түскен. Жалпы, науқастың қарауында 25 бүлдіршін болған. Мектепке дейінгі мекеме басшылығы марқұмның медицина кітапшасында «еңбекке жарамды, ешқандай дерті жоқ» деген анықтама болғасын жұмысқа қабылдадық дейді.

Райхан Бердімұратова, Ақтөбе қаласындағы № 25 «Ерке» мектепке дейінгі мекемесінің меңгерушісі:

Ол кісі жұмыс жасаған уақытта ешқандай больничныйға шыққан жоқ. Ауырған жоқ. Денсаулығы туралы ешқандай арызданған жоқ. Бірде-бір рет жұмысқа жарамсыз парағы болған жоқ. Жұмыста болды. 15-мамырдан бастап ол кісі кезекті еңбек демалысына кетті.

«Ерке» балабақшасы жазғы жөндеуден кейін тамызда қайтадан жұмысына кірісті. Санитар мамандардан да рұқсатын алған. Ал, екпесі іскен балалар тиісті дәрі-дәрмек қабылдауда.

Күләш Оқасова, Ақтөбе қаласындағы № 25 «Ерке» мектепке дейінгі мекемесінің медбикесі:

Сол топтың балалары считается контактным. Зуазит зенит деген дәрі ішіп жатыр. Күніге бір рет ішілетін дәрі. Химпрофилактика. Тубдиспансер өзі бізге береді. Мен оны күніге бір рет балаларға беремін.

Мансұр ЕСҚОЖИН