Энергетика вице-министрі Бақытжан Жақсыалиев семейліктерді жылу ақысын уақытында төлеуге шақырды. Әйтпесе, қаладағы құбырлар сарышұнақ аязға шыдамай қыста тағы «қатып» қалуы мүмкін. Шаһардағы жылу жүйесінің 80 пайызы тозып кеткен. Оны жөндеуге қаржы жоқ. Өйткені тұрғындардың өзі жылуға ақша төлегісі келмейді.
Бақытжан Жақсығалиев, ҚР Энергетика министрінің орынбасары:
Осы мінберден Семей тұрғындарына айтқым келеді, қаланы тұрақты жылумен қамту біріншіден сіздерге қажет. Семейде бүгінде тұтынушылардың қарызы 800 млн теңгеге жеткен. Бұдан бөлек, коммуналдық мекеменің электр энергиясы мен көмірге берешегі шаш етектен. Сайып келгенде осының бәрі тұрғындардың қыс кезінде жылусыз қалуына қауіп төндіріп отыр.
Ал, жергілікті жердегі коммуналдық мекеме өкілдері вице-министрдің сөзіне түзету енгізді. Былтырғы жылу маусымы соңында 800 млн теңгеге жеткен қарыздың жаз бойы біразы қайтарылыпты.
Айтқазы Шерубаев, ШҚО Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы:
Бүгінде тұтынушылардың берешегі 514 млн теңге. Өкінішке қарай оның 100 млн теңгесі қайтарылмайтын қарыз. Банкротка ұшырап жабылып қалған шағын және орта бизнесс немесе көшіп кеткен тұрғандарға тиесілі.
Сондай-ақ, Алматыда да жылу жүйесінде апат жиілеп кеткен. Былтыр қыс ортасында18 жерде құбыр жарылған. Ал Астанда 35 градустан төмен аяз тұрса, үйлерде жылу тапшылығы сезінуі мүмкін. Сондықтан шаһарда Үшінші Жылу Орталығын салу қажеттігі туындап отыр. Әзірге инвесторлар іздестіріліп жатыр. Бүгін қала әкімдігі орталық жылу жүйсіне қосылған нысандардың 98 пайызы қысқа дайын деп ақпарат таратты.
Ал Вице-министрдің айтуынша, елімізде жылу беру маусымы қазан айында басталады.Үш күн қатарынан -8 градус суық тұрса, жергілікті әкімдіктердің шешімімен тұрғын үйлер мен нысандарға жылу берілуі тиіс.
Мөлдір ДҮЙСЕКИНА