Русский Сайттың толық нұсқасы

Канада Украинаға 200 миллион доллар несие бермек

  • AstanaTV
  • 19 қыркүйек 2014
  • 1333

Ал Канада Украинаға 200 миллион доллар несие бермек. Украиналықтарға көмек ретінде бөлінбек қаржы, халықаралық валюта қоры уәде еткен 17 млрд доллардың бір бөлігі. Бұған қоса, канадалықтар 3 миллион доллар көлемінде гуманитарлық жәрдем көрсетпек. Бұл туралы Украина президенті Петр Порошенко мен Канада премьері Стивен Харпердің кездесуінен кейін белгілі болды.

Айта кетейік, халықаралық валюта қоры есебінен Украинаға 1,4 миллиард доллар берілген болатын. Оның 1 миллиард доллары ел бюджетіне аударылған. Кейіннен қордың шешімімен тағы жарты миллиард доллар жөнелтілген. Бұл дүниежүзілік даму банкінің тамызда мақұлдаған, Украинаның қаржы секторына бөлінетін қаражат.

Алайда Украинадағы дағдарыс жалғасып жатыр. Бүгінде елдің кәсіподақтары мұғалімдерге жалақы төлейнбей жатқандығы туралы президент Петр Порошенкоға хат жолдаған. Онда мұғалімдерді еңбек демалысына өз есептерінен жіберуді жоспарланып отырғандығы айтылған.

Жұрағат БАМАН