Русский Сайттың толық нұсқасы

АҚШ әділет министрлігінің шенеуніктері инсайдерлерге қатысты жаңа айыптар тағуда

  • AstanaTV
  • 19 қыркүйек 2014
  • 1679

АҚШ әділет министрлігінің шенеуніктері инсайдерлерге қатысты жаңа айыптар тағуда. Бұл туралы «Файнэншл Таймс» басылымы хабарлады. Бұған қоса, ведомство өкілдері Конгресске аталған салада жасалған заңсыз әрекеттер туралы хабар берген азаматтарға сыйақы мөлшерін ұлғайтуды сұрауда.

АҚШ бас прокуроры Эрик Холдердің сөзінше, корпоративтік заң бұзушылықтарға белгілі бір шектеулер қою керек. Қазіргі таңда бірнеше қаржы мекемелерінде инсайдерлік әрекеттер бойынша тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Бас прокуратура тек айып тағылуын күтіп отырған көрінеді. Әңгіме, валюталық нарықта 5,3 триллион доллардан асатын операцияны тергеу турасында да болып отыр. Мәселен, прокуратура қызметкерлерін трейдерлердің тұтынушылар ақшасын транзакциялау кезіндегі сомаға қосымша үстеме қосқандықтары туралы ақпаратты жасырып отырғандықтары алаңдатуда. Эрик Холдердің айтуынша, бүгінде валюталық нарықтағы былықтар толықтай тексерілуде.

Жұрағат БАМАН