Русский Сайттың толық нұсқасы

АҚШ-ғы Toyota-дан тағы да ақау шықты

  • AstanaTV
  • 19 қыркүйек 2014
  • 1371

Toyota-дан тағы да ақау шықты. Жапондық ірі автокөлік шығарушы компания "Toyota Мотор Корпорейшн" сатылған 20 мың автокөлікті кері қайтарып алуда.

«Итар ТАСС»-тың хабарлауынша, көліктерді кері қайтарып алудың себебі - көліктерде жанармайдың ағып кету қаупінің туындағанында. Осындай ақау табылған автомобильдердің қатарында 2014 жылғы Camry, Highlander, Sienna, Avalon модельдері мен 2015 жылғы Lexus RX моделі бар. Ақаулы көліктер Toyota-ның АҚШ-тағы және Канададағы зауыттарында шығарылған. Олардың басым бөлігі Оңтүстік Корея, Ресей, Австралия, Азия елдері мен Таяу Шығыс елдеріне таратылған.